Баланың жағдайы өте ауыр.
ERNUR.KZ. Қарағандыда бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен екі жасар бүлдіршін құлап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ол ауыр жарақат алып, реанимацияда жатыр.
«Оқиға Гоголь көшесінде болды. 2019 жылы туған қыз бала бесінші қабаттағы үйдің терезесінен абайсызда құлап түсті. Ол ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің берген ақпараты бойынша, баланың бірнеше жері сынған. Жағдайы өте ауыр.