Көшеде өтіп бара жатқан қыздарға және әйелдерге гүл сыйлаған.
ERNUR.KZ. Қарағандыда ерекше акция өтті. Полицейлер мен кинологтар қызметтік иттермен бірге қала көшелерінде қыздарды мерекесімен құттықтады, деп жазады ҚазАқпарат.
Қарағандыда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарағанды облысы полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен бірлесіп қала көшелерінде «Сэра» деп аталатын қызметтік-іздестіру иттерін жұмылдырып, ерекше құттықтау акциясын өткізді. Іс-шара барысында «Сэра» өтіп бара жатқан қыздарға және әйелдерге гүл сыйлады.
«Осындай кішкентай шараны өткізуге шешім қабылдадық - қаламыздың қыздарын, бойжеткендерін және әйелдерін осы көктем мерекесімен құттықтадық. Осы мақсатта біз есірткіге қарсы күресуге көмектесетін төрт аяқты достарымызды жұмылдырдық. Осылайша, мерекеге қуанышты ерекше бір сипат ергіміз келді», - дейді Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері Кирилл Корниенко.