Қарағандыда келісімшарт бойынша борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды

0
510

Сарбаз марш кезінде кенеттен құлап, содан қайтып тұрмаған.


Қарағандыда келісімшарт бойынша борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы әскери бөлімде келісімшарт бойынша борышын өтеп жүрген сарбаз кенеттен қаза тапқан, деп жазады exk.kz.

Патриот Telegram арнасының мәліметінше, қайғылы жағдай 28 тамызда Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімінде болған. Сарбаз марш кезінде кенеттен құлап, содан қайтып тұрмаған.

Медициналық бөлімшенің дәрігерлері оған бірден көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырғанымен құтқара алмаған.

Марқұм 24 жаста болған. Өлімнің алдын ала себебі ұйқы безінің некрозы делінген.

Әскери қызметкердің есімі Елсұлтан екені және ол ешқашан денсаулығына шағымданбағаны белгілі болды. Биыл ол 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында медициналық тексеруден тағы да өтуі керек болған.