"Оңай" карталарын пайдаланушылар үшін төлем өзгеріссіз қалды.
ERNUR.KZ. Қарағандыда 15 қазаннан бастап қоғамдық көліктерде қолма-қол ақшамен есеп айырысатын жолаушылар 150 теңге төлейтін болады, деп жазады inbusiness.kz.
"Жол ақысын қолма-қол төлеген кезде жолаушылар ерекше үлгідегі қағаз билеттерді алатын болады. Сараланған тариф қалалық және қала маңындағы маршруттардың автобустарында қолданылады. №118, 145 экспресс-маршруттардағы сапарлар үшін қосымша ақылар жойылады. №84, 100, 107, 121, 122, 127, 146, 165 қалааралық маршруттарында тариф өзгеріссіз қалады, жол ақысы тек қолма-қол ақшамен төленеді", - деп хабарлады қалалық әкімдік.
Қалада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 65%-ға дейін өскен. Сараланған тариф енгізілгеннен кейін өсім 95% болады деп күтілуде.