Қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында қоқыс жәшігінен бір айлық нәресте табылды. Тәртіп сақшылары сәбиді тастап кеткен ананы іздестіруде, деп жазады ҚазАқпарат.
3 сәуірде Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерінен сәби табылды. Дәрігерлердің айтуынша, бала шамамен 1 айлық.
«Қыз баланы жедел жәрдем бригадасы тексеріп, медициналық мекемеге орналастырылды. Дене жарақаттары жоқ. Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.