Қарағандыда құрылыс алаңында бір адам қаза тапты

0
231

Денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен екінші жұмыскердің жағдайы туралы мәлімет берді.


Қарағандыда құрылыс алаңында бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Қарағандыда салынып жатқан көпқабатты үйде лифт құлап кетті. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп жазады Кazinform.

Қайғылы оқиға Build Invest құрылыс компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешенінде болған. Құрылыс алаңында лифт құлап, салдарынан екі адам зардап шегіп, оның беруі қаза болды.

«Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде болған оқиға бойынша, байқаусызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жай анықталуда», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен екінші жұмыскердің жағдайы туралы мәлімет берді.

«Бір пациент профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жан сақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр», — деп мәлімдеді ведомстводан.
Бөлісу