Қарағандыда темекі тартқандарға 32 миллион теңге айыппұл салынды

0
1 550

2018 жылдың басынан бері алты мыңға тарта адамға айыппұл салынған.


Қарағандыда темекі тартқандарға 32 миллион теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Қарағандыда темекі тартқандар 32 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Алты айда жиналған айыппұлдың сомасы осындай, деп жазады ҚазАқпарат.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті өкілдерінің айтуынша, 2018 жылдың басынан бері алты мыңға тарта адамға айыппұл салынған. Адамдар көбінесе үйлердің кіреберісінде, көпшілік демалыс орындарында және мемлекеттік ұйымдарда шылым тартып, заңды бұзады.

Қарағанды облысында көпшілік демалыс орындарында темекі тартқан 192 тұрғын жауапқа тартылған. Мемлекеттік ұйымдарда темекі тартқан 274 адам, білім мекемелерінде 988 адам, үйлердің кіреберісінде темекі түтінін бұрқыратқан 2074 адам әкімшілік жауапқа тартылған.