Қарағандыда жоғалған 17 жастағы қыз табылды

0
903

Жасөспірім қаладағы сауда үйлерінің бірінде жұмыс істеген.


Қарағандыда жоғалған 17 жастағы қыз табылды

ERNUR.KZ. Қарағандыда полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 17 жастағы қыздың қайда екенін анықтады, - деп жазады Tengrinews.kz.

27 тамызда кешкі сағат 22.30 Қарағанды облысы полиция департаменті Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 39 жастағы әйел көмек сұрап келген. Ол 17 жастағы қызы жоғалып кеткенін айтқан. Жасөспірім қаладағы сауда үйлерінің бірінде жұмыс істеген. Анасының айтуынша, қызы үйіне келмеген әрі оның ұялы телефоны сөндірулі болған.

Полиция қызметкерлері жасөспірімді іздеуге шұғыл кіріскен. Олар іске қатысты дерек жинау үшін қыздың үйіне тінту жүргізген. Нәтижесінде жасөспірімнің сөмкесінен қағаз тауып алған. Онда ер адамның аты жазылыпты.

"Мен оны білемін. Ол - 21 жастағы жігіт. Ол қызыммен бірге сауда орталығында жұмыс істейді", - дейді жасөспірімнің анасы.

Кейін тәртіп сақшылары жігіттің ұялы телефонының нөмірін анықтаған. Алайда ол да өшірулі болған.

Қыздың қайда жүргенін анықтау үшін Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі 4 шұғыл әрекет ету тобын құрған. Оларға еріктілер де көмектескен.

Полицейлер жігіттің туыстары теміржол станциясы маңындағы үйде тұратынын анықтаған. Үйді тексеру барысында тәртіп сақшылары жоғалған қызды тапқан. Қыз өз еркімен үйден кеткенін, жігітімен бірге тұрғысы келгенін айтқан. Алайда жасөспірім бұған анасының қарсы болатынын білген.

Жас жігіт қыздың келісімімен оны қалып қашып, туыстарының үйіне жасырған.

Бұл іске қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.