Ауғанстан және Пәкістан шекарасында болған соғыс аймағында қарағандылық тұрғын мен оның әйелі қаза тапқан.
ERNUR.KZ. Ауғанстан және Пәкістан шекарасында болған соғыс аймағында қарағандылық тұрғын мен оның әйелі қаза тапқан. Ал олардың балаларының біреуі аурудан қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.
Еркін Бексейітовтің отбасы тағдыры 6 жыл бойы, яғни 2018 жылдан бері беймәлім болған. Осыдан жарты жыл бұрын Еркін мен оның әйелі қаза тапты деген хабар түскен болатын. 6 жыл бұрын, 2012 жылы Еркін Бексейітов мысыр еліне Александрия қаласына екі жылға оқуға кеткен, имам болғысы келген. Еркінмен бірге оның әйелі мен екі баласы аттанған. Кейінірек, шетелде үшінші баласы дүниге келген.
"Ол жарты жыл сол жерде тұрған. Төрт айға жоғалып кетпес бұрын маған жазғанына, видео, сурет жібергеніне қарап жақсы тұрып жатқан шығар деп ойладым. Кейін маған хабарласып Пәкістанныың Пешаваре қаласында тап болғанын айтты. Ол жерде сатушы болып жұмыс істеп жатқанын және қазіргі жағдайы мәз емес екенін айтып налыған", - дейді Ғанибет Тажмағамбетова.
Туыстары бірден қайта келуін сұраған екен. Ер адам 2013 жылдың жаз айында келетінін айтып, алайда сол әңгімеден кейін жоғалып кеткен. 2018 жылдың мамыр айына дейін Бексейітовтердің қайда кеткені белгісіз болған. 23 мамыр күні ерлі-зайыпты қаза тапқаны, ал олардың ортаңғы баласы аурудан қайтыс болғаны белгілі болды. Тірі қалған балаларды белгісіз әйел алып кеткен екен. Ғанибет Тажмағамбетова өзінің бөлелерін бес ай бойы іздеп, жақын арада олар қазір Сирияда, Суса ауылында тұрып жатқанын білген. Кейінірек Айдана атты белгісіз келіншектен хат келгенін, оның ішінде қаза тапқан ерлі зайыптылар соғыс аймағында қаза тапқаны және балаларын асырап жатқанын айтқан. Сондай-ақ Айдана ер адамның басқа амалы болмағанын жазған. Ғанибет өз бөлелерін еліне қайтарып алу мақсатында, Қазақстанның мемлекеттік органдарынан көмек сұрауға жүгінген.