Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

0
266

Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған.


Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Бас прокуратура қылмыстық топтың құрамында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп жазады baq.kz.

Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған.

Қылмыстың кесірінен мейрамханаиесіне 46 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Күдіктінің серіктестері қылмыстық жауапқа тартылды, ал күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды.

Биыл мамыр айында ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталды, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.