Шетелдіктердің Қазақстанға келуі үшін олардан коронавирустық инфекцияға ПТР-тест тапсырғаны туралы анықтама талап етілмейді.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұдан әрі шетелдіктердің Қазақстанға келуі үшін олардан коронавирустық инфекцияға ПТР-тест тапсырғаны туралы анықтама талап етілмейтін болады.
Сонымен қатар, еліміздің мамандандырылған емдеу мекемелеріне келуге шектеу қойылмайды.