Қариялардың сеніміне кіріп, жалған некеге отырған ерекше алаяқ іздестіріліп жатыр

0
1 013

Бұл жайлы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлаған.


Қариялардың сеніміне кіріп, жалған некеге отырған ерекше алаяқ іздестіріліп жатыр
ERNUR.KZ. Әртүрлі алаяқтығы үшін бірнеше мәрте істі болған Айгүл Ниязова есімді әйел адам іздестіріліп жатыр, деп жазады Stan.kz.

«Әйел адам қарт ер азаматтардың сеніміне кіріп, кейін олармен жалған некеге отырған. Артынша туыстарын жұмысқа отырғызу немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша үй аламын деп сылтауратып олардың ақшасын иеленіп отырған», - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, полиция департаментіндегілер бұдан басқа да алаяқтығы болуы мүмкін екенін ескертті.

Егер оның қай жерде екенін білсеңіз немесе одан зиян шеккен болсаңыз, келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 8(7262) 43-05-22, 43-06-78, 997121 немесе «102» пультіне.