Бұған дейін бөлшек сауда желілері сатуға шектеулер енгізген.
ERNUR.KZ. Картопты сатуға шектеу жоқ және тапшылық жоқ, деп жазады sputnik.kz.
Қор уақытылы толықтырылып жатыр, картопжеткілікті, деп сендірді басқармадағылар. Бұл мәлімдемені елорда әкімдігі де растады.
"Картопты сатуға 5 келіден аспайтын уақытша шектеулерді "Small" және "Spar" желілерінің әкімшіліктері 22 қаңтарда енгізді. Бұл шара сатып алушылардың өнімді одан әрі қайта сату үшін көтерме бағамен сатып алуын болдырмау мақсатында қабылданды (шектеу алынып тасталды). Мысалы, барлық "Small" және "Spar" сауда желісінде картоп бір келісі 280 теңгеден сатылып жатыр", - деп хабарлады басқармадағылар.
Сонымен қатар, Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданды. Айналмалы механизм аясында қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы аптасына 200 тоннадан астам картоп интервенциясын жүргізеді.
Бұған дейін Сауда министрлігі картоп бағасының көтерілуіне не себеп болғанын түсіндірді. Сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутіковтің айтуынша, картоп бойынша экспорт өте көп. Біз өте үлкен көлемде экспорттадық, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,5 есеге көп. 2023 жылы біз 400 мың тонна, 24 жылы шамамен 600 мың тонна экспорттадық, деді Жәутіков.