Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда аталып өтеді.
ERNUR.KZ. Қарттар күніне орай астаналық зейнеткерлер біржолғы әлеуметтік көмек алады, деп жазады baq.kz.
Астанадағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Қарттар күні қарсаңында зейнеткерлерге біржолғы көмек көрсетілетінін хабарлады.
Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда аталып өтеді. Астанада зейнеткерлерге мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмек 2,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 9 830 теңге біржолғы төлем беріледі. Оны Астанадағы шамамен 100 мыңнан астам зейнеткер алады, - деп жазылған хабарламада.