Қашағанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

0
312

1 қарашадағы жағдай бойынша өндіріс 80%-ға қалпына келтірілген.


Қашағанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

ERNUR.KZ. Қашағанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп жазады sputnik.kz.


"Қашағанда жаңа газ сепараторын қосу және пайдалануға беру бойынша жөндеу жұмыстары 2024 жылдың 7-28 қазаны аралығында жүргізілді. Бұл уақытта өндіріс толық тоқтатылды. Жөндеу алдындағы деңгейге кезең-кезеңімен оралу жоспарланып отыр", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

1 қарашадағы жағдай бойынша өндіріс 80%-ға қалпына келтірілген.
Бұған дейін министрлік Қашаған газы ішкі нарыққа жіберілетінін хабарлаған болатын. Қашаған сұйытылған мұнай газын жеткізу 2025 жылдың соңына жоспарланған, инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталғаннан кейін жобалық қуаты 2027 жылға қарай жылына 700 мың тоннадан асады.