Бұған дейін ақтаулық команда Көкшетаудың «Оқжетпесімен» шеберлік байқасқан еді.
ERNUR.KZ. Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 6-турында Ақтаудың «Каспийі» алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады inform.kz.
Кездесу барысында ақтаулық команда қатарынан екі гол соғып кетті. Бұл голдарды Георгий Панцулая 16, Рубен Бриджидо 28-минуттарда өзінің еншісіне жазды. Оған 80-минутта Руслан Болов бір голмен жауап қайырды.
Осылайша, «Каспий» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Бұған дейін ақтаулық команда Көкшетаудың «Оқжетпесімен» шеберлік байқасқан еді. Олар қатарынан бес ойында жеңілістің ащы дәмін татып, турнир кестесінде соңғы орынды місе тұтып тұрған еді. Соның салдарынан бас бапкер Кахабер Цхададзе қызметінен кетті.
Енді аталған турда бүгін 17:00-де «Жетісу» мен «Қайсар», «Шахтер» мен «Мақтарал» командалары кездеседі.
Ал, 16 сәуірде «Ақсу» мен «Қызылжар», 17:00-де «Ақтөбе» мен «Атырау», 19:00-де «Астана» мен «Қайрат», «Ордабасы» мен «Тобыл» ойнайды.
Еске салсақ, бесінші турдан кейін «Қызылжар» командасы көш бастап келеді.