Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

0
103

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды.


Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсетілді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Ақтөбе облысы) директоры Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды.

Атап айтқанда, бір адам – «Парасат» орденінің кавалері, саланың 6 өкілі «Құрмет» орденінің иегері атанды.

II дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 1 азамат, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 10 адам, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 6 еңбеккер марапатталды.

Сондай-ақ бүгінгі іс-шарада «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ауыл шаруашылығы саласында озат атанған төрт азаматқа алғаш рет тапсырылды.