Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы қарашада Көкшетауда өтеді деп жоспарланып отыр.
ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей президенттері қараша айында өңіраралық ынтымақтастық форумында кездеседі, деп жазады sputnik.kz.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр", - деді сыртқы істер министрлігінде.
Бұған дейін он жетінші Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы Көкшетауда өтетіні хабарланған болатын. 2020 жылы форум экология мәселесіне арналады. Тақырыпты Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.
Омбы сауда-өнеркәсіптік палатасының сайтында шара 12-13 қарашада өтетіні жазылған.
Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Ресейдің Омбы қаласында өтті. Сол кезден бастап шекаралас өңірлерде кездесу дәстүрге айналды.
Ақмола облысы форумды өткізетін Ресеймен шекаралас емес алғашқы аймақ.