Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды. Сондай-ақ, «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек практикасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, өңірдің жұртшылығымен кездеседі», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.