Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын», - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.