Бұл туралы киностудия ұжымымен басшылықтың кезекті жиналысында белгілі болды.
ERNUR.KZ. Киностудия президенті Ақан Сатаевтың айтуынша, қазіргі уақытта арнайы комиссия даму векторларын, еңбекақы төлеуді қалыптастыру принциптерін және ұйымдастыру құрылымын анықтады. Ұйымның штаттық құрамы мен саны қалыптастырылды, деп жазады inbusiness.kz.
"Сіздерді жақсы жақсы жаңалықпен қуантқым келеді. 1 қыркүйектен бастап жалпы киностудия бойынша қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 30%-ға өседі. Мәдениет министрлігі тарапынан, питчингте өз жобаларын қорғаған авторлар тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Біз жалақыны көтердік және осымен шектелмейміз деп үміттенемін. Осы орайда студияның жетістігі әрқайсымызға байланысты екенін атап өткім келеді. Сондықтан сіздерді әрі қарай да жауапты болуға және жақсы жұмыс істеуге шақырамын", - деді А.Сатаев.