"Қазақмыс" көмір кенішінде жүк көлігі бес жұмысшы отырған көлікке соқтығысқаны хабарланған болатын.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі көмір кенішінде жол апатынан аман қалған "Қазақмыс" компаниясы жұмысшыларының жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.
"БелАЗ" жүк көлігі басып қалған көлікте барлығы бес адам болған. Екі адам, оның ішінде жүргізуші оқиға орнында қаза болды.
"Екеуі амбулаторлық ем қабылдап жатыр, жараланған. Біреуі ауруханада жатыр, аяғы сынған, сол жақ жамбасы шығып кеткен. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, 28 тамызда "Қазақмыс" көмір кенішінде жүк көлігі бес жұмысшы отырған көлікке соқтығысқаны хабарланған болатын. "Молодежный" разрезінде "БелАЗ" автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде "УАЗ" автокөлігінің сол жақ бөлігіне соғылып, басып қалған. Екі адам оқиға орнында қаза болды.
Қазір оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.