Қазақстан алтын қоры бойынша Түркияны басып озды

0
761

Қазақстан алтын қоры бойынша Түркияны басып озып, 12-орынға ие болды.


Қазақстан алтын қоры бойынша Түркияны басып озды

ERNUR.KZ. Бағалы металдардың көлемі 403 тоннаға жуықтады. Қазақстан алтын қоры бойынша 12-орынға көтерілді, деп жазады inbusiness.kz.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бағалы металдың көлемі 402,9 тоннаны құрады. Бір ай бұрын олар 392,7 тоннаға жеткен.

Бұл ретте Қазақстан алтын қоры бойынша Түркияны басып озып, 12-орынға ие болды (Халықаралық валюталық қоры мен Еуропалық орталық банкті есептемегенде). Еліміз рейтингте Тайвань (423,6 тонна) мен Түркия (391,1 тонна) арасында орналасқан.

Ал Ресейде алтынның көлемі 2,3 мың тоннадан астам, Қытайда 1,9 мың тоннаны құрады. Қор бойынша жетекші орынды АҚШ – 8,1 мың тонна, Германия – 3,3 мың тонна және Италия – 2,4 мың тонна алып отыр.

Сонымен қатар Comex биржасында 13 желтоқсандағы алтынның саудасы бір троя унциясы үшін 1 788,3 доллармен аяқталды. LBMA-да бағалы метал 1 787,8 долларға сатылса, Ұлттық банк сайтында асыл металдың 1 грамы 24,8 мың теңгеге бағаланған.