Қазақстан аумағынан заңсыз жолмен жанармай тасымалдағысы келгендер анықталды

0
685

Шамамен 68 тонна дизель отыны мен 120 тонна бензинді заңсыз тасымалдағысы келгендердің әрекеті тоқтатылды.


Қазақстан аумағынан заңсыз жолмен жанармай тасымалдағысы келгендер анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстан аумағынан заңсыз жолмен 50 миллион теңгеге жанармай тасымалданбақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz

"Қазақстан Республикасында бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге қолданылатын уақытша шектеулерге қарамастан, кейбір жеке және заңды тұлғалар әлі де ЖЖМ-ді заңсыз өткізуге әрекет жасап жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

2021 жылғы 13 қарашада ҚР ҰҚК ШҚ шекара жасағы Жамбыл облысы Меркі ауданының "Чальдовар" (теміржол) өткізу пунктінде Қазақстан аумағынан шамамен 68 тонна дизель отыны мен 120 тонна бензинді заңсыз тасымалдағысы келгендердің әрекетін тоқтатқаны (отын түрін сараптама белгілейді) хабарланды.

"Отыны бар үш ыдысты тасымалдау газ конденсаты түріндегі теміржол жүк құрамының көмегімен жүзеге асырылған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген тауарды іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне беру жоспарланып отыр. Тәркіленген отынның алдын ала құны шамамен 50 миллион теңге болады", - деп қорытындылады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.