Ғалымжан Құспанов Мексикадағы Орисаба (5 636 м) жанартауында ол жел мен қолайсыз ауа райына қарамастан, Қазақстанның Мемлекеттік Туын желбіретті.
CC BY-SA 4.0 / Debasish biswas kolkata / Hillary Step (cropped photo)
ERNUR.KZ. Қазақ альпинисті әлемнің ең биік 7 жанартауын бағындырған алғашқы қазақстандық атанды, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстандық альпинист әрі саяхатшы Ғалымжан Құспанов әлемнің барлық құрлығындағы ең биік жанартауларды бағындырып, бұл жетістікті еңсерген әлемдегі 67-ші адам атанды.
Соңғы шың – Мексикадағы Орисаба (5 636 м) жанартауында ол жел мен қолайсыз ауа райына қарамастан, Қазақстанның Мемлекеттік Туын желбіретті.
Құспанов бағындырған жеті шың:
Сидлей (Антарктида)
Охос-дель-Саладо (Оңт. Америка)
Гелуве (Аустралия)
Килиманджаро (Африка)
Эльбрус (Еуропа)
Демавенд (Азия)
Орисаба (Солт. Америка


