​ Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуі адамдарға қалай әсер ететінін зерттейді

0
273

Министр зерттеуге бөлінетін қаржының нақты көлемін атамады.


​ Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуі адамдарға қалай әсер ететінін зерттейді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Сенат кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға қалай әсер етіп жатқанына қатысты ғылыми зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Біз өзіміздің ең үздік институттарымызды тартамыз - география институтымыз өте жақсы, ол осы мәселелермен айналысады, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің физиология мен медициналық бөлігіне қатысты бірнеше институттар қатысады. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖСТК) өз отырысын өткізіп, бұл тақырыпты талқылауға шығарады. Егер қолдау тапсақ, онда бірден конкурс жариялап, зерттеу жұмысын бастаймыз. Зерттеу консорциум арқылы жүргізіледі", - деді министр.

Министр зерттеуге бөлінетін қаржының нақты көлемін атамады.

"Бөлінген қаражат сомасы туралы нақтылау керек, бірақ оның көлемі үлкен емес. Алдымен зерттеуге жалпы лимитті анықтап, содан кейін конкурс процедуралары - ғылыми кеңестер, өтінімдер және басқа да рәсімдер жүргізіледі", - деді Саясат Нұрбек.

Еске салсақ, 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бірақ тұрғындардың басым көпшілігі бірыңғай уақыт белдеуі кері әсер етіп жатқанын айтып, петиция жинады.