Қазақстан биыл 11 жаңа ұшақ сатып алады – министрлік

0
601

Биыл Қазақстанға 11 жаңа ұшақ жеткізіледі.


Қазақстан биыл 11 жаңа ұшақ сатып алады – министрлік

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты деп хабарлайды Stan.kz

Сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі еліміздегі ұшақ қатарының көбейетінін айтты.

"Әуе рейстері санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп, ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14 ұшақ сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін тағы да 42 ұшақ қосылады. Осы орайда ұшақтардың саны 132-ге жетеді", – деді Алмаз Ыдырысов сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында.

Министрлік өкілінің сөзінше, әуе көлігінің саны көбейген жағдайда тұрақты рейстер артады. Сонымен қатар билет бағасы да арзандауы мүмкін.