Қазақстан бокс федерациясы Сәкен Бибосынов жекпе-жегіне қатысты шағым жолдады

0
1 849

Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дипак Кумармен шеберлік байқасты.


Қазақстан бокс федерациясы Сәкен Бибосынов жекпе-жегіне қатысты шағым жолдады

Қазақстан бокс федерациясы Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіне қатысты шағым жолдады. Бұл жайында федерацияның баспасөз қызметі Instagramпарақшасында мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Халықаралық бокс федерациясының (IBA) президенті Умар Кремлевтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне қатысты ресми шағым жолданды. Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сәкен Бибосыновтың бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дипак Кумармен шеберлік байқасты. Бұл кездесу Сәкенге оңайға түскен жоқ.

Алғашқы екі раундта Сәкен Бибосынов басымдық көрсеткенімен, төрешілер жеңісті үндістандық боксшыға беріп жіберді.

Сондай-ақ Серік Теміржанов ширек финалға шықты.