Орташа жылдамдық – секундына 28,9 Мегабит
ERNUR.KZ. 2018 жылдың үш тоқсанында Қазақстанда интернет-провайдерлер қызметінің көлемі 180,5 миллиард теңгеге жетті, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда, 6,7%-ға жоғары, деп жазады altaynews.kz.
Бұл туралы Finprom.kz сарапшылары мәлімдеді.
Республика бойынша тиянақталған интернетке жоғарыжылдамдықты қосылу абоненттерінің ең көп шоғыры Астанада тіркелген – 675,3 мың. Екінші орында – Алматы, 354,5 мың абонент. Үшінші орында – Алматы облысы, мұнда интернет абоненттерінің саны 173,1 мың.
Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингтің 57-орнында. Орташа жылдамдық – секундына 28,9 Мегабит. Рейтингтің алғашқы ондығына Сингапур, Исландия, Гонконг, Румыния, Венгрия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Швейцария, Испания, Швеция кіреді. Сингапурде интернеттің орташа жылдамдығы – секундына 184 Мегабит. Қазақстан Еуразия экономикалық одағы елдері арасында бұл жағынан үшінші орында тұр.