Қазақстан қазынасына "әдемі" нөмірлерден 5,9 млрд теңге түскен

0
83

Бір нөмірдің бағасы 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 43 мың теңге.


Қазақстан қазынасына

фото: Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстанда көлік нөмірін өз қалауыңмен таңдау жобасы қазынаға қомақты қаржы түсірді, деп жазады ulysmedia.kz.

Бір айдың ішінде ғана «әдемі» нөмірлерден бюджетке шамамен 5 миллиард 900 миллион теңге түскен. Ішкі істер органдарының мәліметінше, алғашқы айда 144 мыңнан астам өтініш қабылданған екен.

Оның 137 мыңына таңдаулы нөмер берілген. Айта кетейік, бір нөмірдің бағасы 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 43 мың теңге.

Қаңтардың басынан бері әдемі нөмір алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көбейіп, ажитаж болғаны көпшілктің есінде. Кейін жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін мобильді қосымша арқылы тапсырыс беру мүмкіндігі енгізілді.