Бұл туралы Ерлан Қиясов айтты.
ERNUR.KZ. Қазақстан халқы үшін Pfizer вакцинасы 2021 жылдың екінші жартысынан бастап қолжетімді болуы мүмкін, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы Ерлан Қиясов айтты.
2021 жылдың екінші жартысынан бастап Pfizer вакцинасы Қазақстан үшін қолжетімді болуы мүмкін, - деді Қазақстанның бас дәрігері.
Алдын ала келісімдер жүргізілген.
Бірақ, оның айтуынша, келісімнің кей тұстары әлі талқылану барысында.
Pfizer-мен меморандум жасалды. Енді кейбір жайттар толығырақ талқылануда. Бір айта кетер жағдай, қазір Pfizer бойынша шетелдегі жағдайды өздеріңіз де көріп-біліп отырсыздар. Компанияның басқа елдер алдындағы міндеттемелерін орындау үлкен сұрақ тудыруда, вакцина жетіспеушілігі байқалып жатыр. Бұл мәселе талқыланып жатыр, суық режим - минус 70-ке дейін. Кейбір жайттар әлі талқылануда, - деді ол бұл ретте.