Жыл соңына дейін 25 мың данасы дайын болу керек.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Сарань қаласындағы Silk Road Electronics зауыты Samsung брендімен теледидар және кір жуғыш машина өндіре бастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты хабарлағандай, бұл бастама мемлекет, инвесторлар мен бизнес өкілдерінің арқасында мүмкін болып отыр.
«Зауыт SmartThings экожүйесін қолдайтын Samsung кір жуғыш машинасын, сондай-ақ Smart TV функциясы бар теледидарлар шығарады. Жыл соңына дейін Samsung брендімен 10 мың теледидар мен 25 мың кір жуғыш машина шығару жоспарланып отыр», - деп хабарлайды министрлік.
Негізі, зауыт келесі жылдардан бастап жылына 150 мың теледидар және 200 мың кір жуғыш машина шығармақ.