Қазақстандық ғалым ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің төрағасы болып сайланды

0
126

24–25 қарашада Мәскеу қаласында Ресей ғылым академиясының Бас ботаникалық бағында ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің VIII съезі өткен.


Қазақстандық ғалым ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің төрағасы болып сайланды

Фото: Экология министрлігі

ERNUR.KZ. Қазақстандық ғалым Гүлнара Ситпаева ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің төрағасы атанды. Ол бұл қызметке Мәскеуде өткен VIII съезде сайланды, деп жазады inform.kz.

Министрліктің дерегінше, 24–25 қарашада Мәскеу қаласында Ресей ғылым академиясының Бас ботаникалық бағында ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің VIII съезі өткен.

Съезд аясында өткен есеп беру-сайлау конференциясының қорытындысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК бас директоры Гүлнара Тоқбергенқызы Ситпаева Кеңес төрағасы болып сайланды.

Кеңес өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігін сақтау, тірі өсімдіктердің ғылыми коллекцияларын, тұқым банктері мен генетикалық ресурстарды дамыту бағытында ТМД елдері ботаникалық бақтарының күш-жігерін біріктіреді.

Бұл — қазақстандық ғалымның кәсіби беделінің және отандық ботаника ғылымының халықаралық деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі.

Еске салсақ, Құрылтай депутаты Марат Қожаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған болатын.