Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің келіссөзін тоқтатты

0
227

Бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталғаны хабарланған болатын.


Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің келіссөзін тоқтатты

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның Ұлттық қорғаныс министрлігі 5 желтоқсанға жоспарланған Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің арасындағы келіссөздердің тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі мәліметінше, кездесудің тоқтатылуы қазақстандық тараптың сапардан бас тартуымен байланысты болған.

"Тараптар қазіргі жағдайды ескере отырып, іс-шараны тоқтату туралы келісімге келді", – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Біз бұл жағдайға байланысты пікір алу үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне жүгіндік.

Еске салайық, бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталғаны хабарланған болатын. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі отставкаға кететінін жариялаған болатын.