Сапар аясында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "СҚ-Фармация" арасында "Спутник V" вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан үшін қажетті көлемді Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жүргізуге дайын. Бұл ретте, қауіп тобына кіретін қазақстандықтар үшін иммундау тегін және ерікті негізде жүргізіледі және вакцина барлық клиникалық сынақтардан өткеннен кейін ғана мүмкін болады", - делінген хабарламада.
Сапар аясында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың арасында келіссөздер өтті, оның барысында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, нәтижелері бойынша ведомстволар арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.