Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері Нижний Новгородта кездесті

0
218

Сыртқы істер ведомстволарының басшылары БРИКС министрлер кеңесі алаңында жүздесті.


Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері Нижний Новгородта кездесті

ERNUR.KZ. Мұрат Нұртілеу Нижний Новгородта ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстандық дипломат ресейлік тараптың шақыруымен БРИКС Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысып жатыр.


"Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамытуды, аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті тақырыптарын талқылады", - делінген РФ СІМ хабарламасында.
Сонымен қатар ведомство Нұртілеу мен Лавров алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін салыстырып тексерді.