Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті.
Қазақстан полициясы Наурыз мерекесіне орай күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның тәртіп сақшылары Наурыз мейрамына орай күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
"Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті". – деп жазды ведомство.
Сонымен қатар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесі арқылы мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда бақылау күшейтілді.
Жалпы ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі шараларын сақтауға аса мұқият кірісті.