Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ

0
488

Сынақтар аяқталғанға дейін күте тұрамыз, дейді ҚР ДСМ ресми өкілі.


Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ

ERNUR.KZ. Қазақстан күні кеше тіркелген COVID-19-ға қарсы ресейлік жаңа вакцинаны сатып алуды жоспарлап отырған жоқ. Сынақтар аяқталғанға дейін күте тұрамыз. Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп жазады zakon.kz.


"Вакцина сатып алу туралы айтуға әлі ерте. Әзірге Қазақстан вакцина сатып алу жөніндегі ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқ. Өйткені ол вакцина сынақтардың төртінші, клиникалық кезеңінен әлі өткен жоқ. Сондай-ақ, вакцина тек ресейлік сертификаттаулардан ғана емес, халықаралық сертификаттардан да өтуі тиіс. Сондықтан бұл сұрақ бойынша әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ", деді Бағдат Қожахметов.