Қазақстан шегірткенің таралуының алдын алу үшін көрші елдермен ынтымақтастық орнатты

0
115

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өсімдіктерді қорғау басқармасының басшысы Алмат Сүлейменов шегірткелердің таралу қаупі мен өңдеу жүргізілетіні туралы халыққа қалай хабарланатынын айтты.


Қазақстан шегірткенің таралуының алдын алу үшін көрші елдермен ынтымақтастық орнатты

ERNUR.KZ. Қазақстан шегірткемен күрес аясында Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанмен ынтымақтастық орнатқан. Қазіргі кезде барлық аталған елдермен тиісті келіссөздер жүргізілді. Оның басты мақсаты - бірлескен болжам жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көрші елден шегіртке тектес зиянкестердің Қазақстан аумағына кірмеуін қамтамасыз ету. Бұл туралы КҚ алаңында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады.

Оның айтуынша, шегіртке зиянкестеріне қарсы бақылау және қорғау шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды.

«Қазіргі уақытта 1 млн 485 мың гектар жер зерттеліп, оның 572 мың гектар алаңында шегірткелер қоныстанған, оның ішінде 400 мың гектар алаңы өңдеуге жатады. Нақты химиялық өңделген алаң – 397 мың гектар. Бүгінде Жамбыл, Түркістан, Жетісу және Қызылорда облыстарында өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді спикер.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өсімдіктерді қорғау басқармасының басшысы Алмат Сүлейменов шегірткелердің таралу қаупі мен өңдеу жүргізілетіні туралы халыққа қалай хабарланатынын айтты.

«Қай жерде және қай уақытта өңдеу жүргізілетіні туралы халыққа жергілікті БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы ескертіледі. Бұл уақытта тұрғындар ол жерде болмауы керек, омарташылар ол аумаққа араларды орналастырмауы қажет және мал жүрмеуі керек», – деді басқарма басшысы.