Қазақстан шетелден жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қысқартады

0
811

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың айтуынша, министрлік фрилансерлердің қызметін цифрлық форматқа өткізу мақсатында «платформалық жұмыс» электрондық сервисін әзірлейді.


Қазақстан шетелден жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қысқартады

ERNUR.KZ. Шетелден жұмыс күшін тартуға арналған квота үшінші және төртінші санаттарды қамтиды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың айтуынша, министрлік фрилансерлердің қызметін цифрлық форматқа өткізу мақсатында «платформалық жұмыс» электрондық сервисін әзірлейді. Бұл әртүрлі платформаларда өз бетінше жұмыс істейтін азаматтардың қызметін оңай тіркеуге, қажет мамандарды тез арада табуға, еңбек құқықтарын қорғауға және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді.

«Екіншіден, 3 және 4 санаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 4,7 мың адамға қысқартылатын болады», - деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұл ретте үшінші санатқа кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар кіреді.

Ал төртінші санатқа кәсіптік стандарттарда, жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар енеді.