Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде мазут пен азық-түлік берді

0
153


Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде мазут пен азық-түлік берді

ERNUR.KZ. Душанбеде Қазақстаннан жеткізілген гуманитарлық көмекті ресми тапсыру рәсімі өтті, деп жазады Zakon.kz.

Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Уәлихан Төреханов ел үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Нұрмахмад Ахмадзодаға бес мың тоннаның мазут сертификатын табыс етті.

"Екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастар аясында Қазақстан басшылығы Тәжікстан Республикасына 871,9 миллион теңге – шамамен 1,67 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады", - деді Қазақстан елшісі.


Сонымен қатар Тәжікстанға азық-түлік өнімдері – 67 тонна өсімдік майы, 50 тонна сүт консервілері және 144,5 миллион теңгеге (276 мың доллар) 325,6 тонна қарақұмық жеткізілді.

Елшілік кейінгі бес жылда Қазақстанның Тәжікстанға гуманитарлық көмегінің көлемі шамамен 20 миллион АҚШ доллары болғанын атап өтті.