Қазақстан цифрлық қызмет көрсету бойынша БҰҰ рейтингісінде 8-орында тұр

0
380

Былтыр онлайн форматта ұсынылған қызметтер саны 270 миллионға жеткен.


Қазақстан цифрлық қызмет көрсету бойынша БҰҰ рейтингісінде 8-орында тұр

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркісібі министрі Жаслан Мәдиев Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясында мемлекеттік қызметтің 90 пайызын азаматтар үйде отырып ала алатынын жеткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Былтыр 270 млн мемлекеттік қызмет онлайн форматта көрсетілген. Бүгінде 44 жағдайда қызмет проактивті тұрғыда ұсынылады. Осының бәрі біздің елімізді цифрландыру көрсеткіші бойынша БҰҰ рейтингісінде жоғары орынға шығарды. Мысалы, қазір біз елдер арасында онлайн қызмет көрсету деңгейі бойынша 8-орындамыз», - дейді Жаслан Мәдиев.

Конференцияда аймақтың Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуді жеделдетуге бағытталған цифрлық инклюзия және трансформация мәселелері қарастырылды.

БҰҰ АТМЭӘК – Біріккен Ұлттар Ұйымының бес аймақтық комиссияларының бірі және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы инклюзивті үкіметаралық платформасы. Комиссия тұрақты даму проблемаларына шешім табу үшін 53 мүше мемлекет пен 9 ассоциацияланған мүшелер арасындағы ынтымақтастықты жеңілдетеді.

Конференцияны Қазақстанда өткізу елдің цифрлық технологиялар саласындағы көшбасшылығын көрсетеді және халықаралық инвестициялар мен серіктестіктерді тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.