Қазақстан тұмауға қарсы 2,2 миллион вакцина сатып алды - сапасы қандай?

0
851

​Ресейлік вакцинаның 2,2 миллион дозасын сатып алуға 1,8 миллиард теңге немесе 4,2 миллион доллар көлемінде қаражат жұмсалды. "СК-Фрамация" бұл вакцинаның сапа стандартына қаншалықты сәйкес келетінін айтты.


Қазақстан тұмауға қарсы 2,2 миллион вакцина сатып алды - сапасы қандай?

ERNUR.KZ. "СК-Фрамация" ЖШС басқармасының төрағасы Ерхат Есқалиев тұмауға қарсы сатып алынған вакцина туралы айтып берді. Әлеуметтік желіде оған кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында тұмауға қарсы қандай вакцина (маркасы, өндірушісі) және қанша мөлшерде сатып алынғаны, сонымен қтар ресейлік вакцинаға балама бар деген сауалдар қойылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үш өндірушінің вакцинасы сатып алынғанын, олардың бірі ресейлік "Гриппол плюс" екенін мәлімдеген еді. Ол вакцинаны тегін алатын санатқа кіретін азаматтарға салынады. Министр өзі де "Грипполды" салдырды.


"Вакцинаның 2,2 миллион дозасы тегін вакцинация жүргізу үшін сатып алынды. Тағы миллионға жуық доза ақылы кабинеттер мен ұжымдар үшін сатып алынған. Вакцинаның құны әр өңірге, әр өндірушіге байланысты 2,5-4 мыңның айналасында болады. Бізде үш өндірушінің вакцинасы бар", - деді Цой.


"СК-Фармация" әзірге "Гриппол плюсті" ғана сатып алды

Қазақстан аумағындағы дәрі-дәрмектің бірыңғай дистрибьюторының басшысы Ерхат Есқалиев өзінің жауабында тек ресейлік вакцинаға тоқталды.


"СК-Фармация" ЖШС алдағы эпидемиологиялық маусымға Ресейде өндірілген "Гриппол плюс" вакцинасының 2 199 990 миллион дозасын 1,8 миллиард теңгеге сатып алды", - деді ол.


Вакцинаның бір дозасының құны - 818 теңге немесе шамамен 2 доллар.

Вакцина құрамында маусымдық A (H3N2), A (H1N1) тұмауына және В типті вирусқа қарсы штаммдардың антигендері бар. Қазақстандықтарды ақысыз иммундау үшін бірыңғай дистрибьютор сатып алған вакциналардың сапасы тек қазақстандық қана емес, халықаралық талаптарға сай келеді, деп атап өтті "СK-Фармация" басшысы.

"Тұмауға қарсы ресейлік "Гриппол плюс" вакцинасының тиімділігін тіркеуден кейінгі эпидемиологиялық зерттеулер мен оны қолданудың көп жылдық тәжірибесі айқын көрсете алады", - деді Есқалиев.

Оның айтуныша, бұл консервантсыз, тұмауға қарсы тиімділігі дәлелденген вакцина.


"Қазақстан нарығына келетін вакцина ресейлік және халықаралық стандарттарға (GMP) сәйкес қазіргі заманғы технологияларға негізделген еуропалық антигендерді қолдана отырып шығарылған", - деді "СК-Фармация" басшысы.


Қазақстанда "Гриппол плюс" вакцинасы 2012 жылы тіркелген, 2017 жылы қайта тіркеуден өтті. Бұл вакцина 8 жылдан бері қолданылып келеді. Вакцинация ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің пакетіне кіреді және халықтың жекелеген топтарына тегін салынады.

Олар:

  • созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар;
  • медициналық қызметкерлер;
  • жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);
  • жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернат);
  • мүгедектер (созылмалы аурулары бар ересектер мен балалар);
  • 60 жастан асқан қарт адамдар.