Қазақстан түсті металл дайындамаларын елден шығаруға тыйым салды

0
227

Тыйым 2025 жылдың 7 қазанынан 31 желтоқсанына дейін күшінде болады.


Қазақстан түсті металл дайындамаларын елден шығаруға тыйым салды

ERNUR.KZ. Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елден түсті металл дайындамаларын экспорттауға тыйым салатын жаңа бұйрық жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Тыйым 2025 жылдың 7 қазанынан бастап күшіне енеді.
"2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары келесідей өнімді көліктің барлық түрімен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салу енгізілсін", - делінген бұйрықта.
Атап айтқанда бұл тыйым мыналарға қатысты:
тазартылмаған мыс, электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары;
илектеуге арналған дайындамалар;
өзге де мыс қорытпалары;
бұралған сым, кабельдер;
өрілген сымдар және электр оқшаулаусыз мысдан жасалған ұқсас бұйымдар және өзге де бұйымдар.

Бұйрықтың толық мәтіні мына жерде жарияланған.