Сеулде өткен мәдени форумда, екі ел жазушыларының бірнеше туындыларын аударуға келісті
ERNUR.KZ. Қазақ қаламгерлерінің бір де бір туындысы корей тіліне аударылмаған. Корейлердің де ешқандай шығармасы қазақша сөйлемеген. Қос ел енді бұл олқылықты түземек, деп жазады 24.kz.
Оңтүстік Корея жазушылар қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, осы елде қазір үш бірдей аударма институты жұмыс істейді. Бірақ қазақ тілінен корей тіліне аударма жасалмайды. Сеулде өткен мәдени форумда тараптар бұл проблемаларды бірлесіп шешуге және болашақта екі ел жазушыларының бірнеше туындыларын аударуға келісті.
Қазақстан делегациясының Оңтүстік Кореяға сапары мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.
Пё Джун Сик, Оңтүстік Корея жазушылар Ассоциациясының бас хатшысы: - Еліміздің әр жоғарғы оқу орнында әлемнің түкпір-түкпірінен келген профессорлар студенттерді әлем әдебиетімен таныстырады. Белгілі жазушылардың шығармаларын зерттейміз. Бірақ қазақ авторларының туындылары әлі жоқ.
Алдан Смайыл, жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты: - Ең алдымен жаңағы Корея тағы басқа әлемдік тілдерде қазақ әдебиетін өте шебер көркемді деңгей жоғары етіп аударатын аудармашылар керек. Ондай аудармашыларды мысалы біздің үлкен жоғарғы оқу орындарында мысалы талантты ақын жазушылар бар ғой жастар, соларды әлем тілдерін үйретіп солардан кәсіби профессионал аудармашы жасайтын болсақ. Оның ішінде жаңағы корей тілінен аударатын, ағылшын тілінен, француз. Сол секілді шет тілін аударатын аудармашы жасасақ, сонда біздің көркем әдебиет өз деңгейінде шетел оқырмандардың қолына тиеді.