Қазақстан жем-шөпті сыртқа шығаруға тыйым салуы мүмкін

0
510

Шетелге әкетуге тыйым салынатын жекелеген тауарлардың арасында пішен, тұқымдық сұлы және қарабидай бар.


Қазақстан жем-шөпті сыртқа шығаруға тыйым салуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы бірлескен бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады sputnik.kz.

Құжатта жем-шөпті Қазақстан аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу көзделіп отыр.

НҚА порталында ел аумағынан әкетуге тыйым салынатын тауарлардың тізімі көрсетілген. Олар пішен, пішендеме, сүрлем, тұқымдық сұлы, басқа да сұлы, тұқымдық қарабидай, басқа да қарабидай.

Бұйрық жобасы 6 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жем-шөпті ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым салу қажет екенін айтты. Оған Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы құрғақшылық пен малдың қырылуы себеп болды. Мемлекет басшысы осындай күрделі кезеңде ауыл шаруашылығы министрлігі тиімді жұмысты ұйымдастыра алмағанын атап өтті. Сол себепті Тоқаев осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде Сапархан Омаровты қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Маңғыстау облысына барып, облыстағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды.