Вакцинациялаудан кейін егілгендердің арасында жағымсыз жанама әсерлер тіркелмеген.
фото: THOMAS KIENZLE
ERNUR.KZ. Қазақстанда Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау науқаны басталғаннан бері 116,5 мыңнан астам қыз егілді, деп жазады sputnik.kz.
"Жоғары қауіпті онкогенді 16, 18 АПВ түрлері негізінен жатыр мойны обырын (ЖМО) тудырады. АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры дамуының алдын алады", - деп жазылған хабарламада.
АПВ - әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмірінде бір рет болса да АПВ-ны жұқтырады.
Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жағдайы анықталады.
АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың ұлттық бағдарламасы 135 елде жоспарлы негізде енгізілді.