Қазақстанда 171 елді мекенге су басу қаупі төнді

0
1 393

Қазір су тасқынының алдын алу үшін Шығыс Қазақстан облысына 52 мыңнан астам әскери бөлімнің күштері мен құралдары жіберілді.


Қазақстанда 171 елді мекенге су басу қаупі төнді

ERNUR.KZ. Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының 171 елді мекенін су басуы мүмкін. Ал оңтүстікте су тасқыны қаупі азайды. Бұл туралы Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Қазір су тасқынының алдын алу үшін Шығыс Қазақстан облысына 52 мыңнан астам әскери бөлімнің күштері мен құралдары жіберілді. Әкімдіктер 27,2 млн артық текше метр қар шығарған. Жалпы 119 мұз жару жұмысы жүргізіліп, 18 тоннадан астам жарылғыш зат пайдаланылды деді министрлік өкілі.

Бұдан бөлек тасқын маусымына өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің, азаматтық қорғаныс және Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жеке құрамынан 10 мыңнан астам адам мен 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған.

"Еліміздің Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндізгі температуралар 15-20 градусқа көтерілсе, түнде -5 тен +3 -ке дейін көтерілу болжанып отыр. Аталған жағдайларға сақтық шараларын күшейтіп. Су тасу қаупінің алдын алуын хабардар етеміз" - дейді «Қазгидромет» РМК гидрология департаментінің директоры, Дидар Жәнібекұлы.