Қазақстанда 2 мың әскери қызметкер коронавирус жұқтырған

0
1 400

Қазір Қарулы күштерде қол алысуға тыйым салынған.


Қазақстанда 2 мың әскери қызметкер коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Қазақстанда пандемия басталғалы екі мыңнан аса әскери қызметші коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, бұл жалпыға ортақ қайғы, коронавирус пандемиясы Қарулы күштерді айналып өтпеді. Пандемия басталғалы Қарулы күштерде екі мыңнан аса адам осы инфекцияны жұқтырды. Олардың ішінде қазір 100-ге жуық адам емделіп жатыр, қалғандары жазылып шықты. Өкінішке қарай, бірнеше өлім жағдайын қоспағанда. Осы адамдардың жақындарына көңіл айтамыз", - деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Министр әскерде маска тағу, бөлмені тазалау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормативтер енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, Қарулы күштерде қол алысуға тыйым салынған.