Қазақстанда 21 жасқа дейін темекі сатып алуға тыйым салынады

0
1 002

Депутаттардың түзетулерімен темекі сатып алу үшін жас аралығы шектеуі 18-ден 21 жасқа дейін жоғарылады.


Қазақстанда 21 жасқа дейін темекі сатып алуға тыйым салынады

ERNUR.KZ. Қазақстанда темекі сатып алатын жастарға шектеулер күшейтілді, деп жазады ҚазАқпарат.


Бұл норма бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымда мақұлданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасында қамтылған.


«Қоғам мен депутаттар арасында қызу талқыланғаны - темекі тартуға қатысты профилактикалық әрі шектеу мәселелеріне бойынша нормалар болды. Депутаттардың түзетулерімен темекі сатып алу үшін жас аралығы шектеуі 18-ден 21 жасқа дейін жоғарылады», - деді депутат Зауреш Аманжолова.


Сонымен қатар, заң жобасында өнімдегі никотиннің құрамы бойынша жыл сайын зерттеулер жүргізу бөлігінде темекі өнімдерін өндірушілер мен импорттаушыларды міндеттейтін нормалар белгіленген. Олар зерттеу нәтижелері туралы есепті өкілетті органға ұсынады.